PDF Print E-mail

Орталық туралы

«Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы» МКҚК – 1953 жылы негізі қаланған, Қазақстанның ең байырғы мемлекеттік медициналық мекемелерінің бірі.

«ПДПМО» МКҚК психикалық бұзылушылығы бар тұлғаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Ғимарат 1978 жылы іске қосылған.

Астана қаласы «Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы» МКҚК балалар мен ересек тұрғындарға стационарлық медициналық көмек, балалар мен ересек тұрғындарға психиатрия, психотерапия, хирургия, офтальмология, оториноларингология мамандықтары бойынша амбулаториялық-емханалық медициналық көмек, жедел және шұғыл медициналық көмек, еңбекке жарамдылық сараптамасы, кәсіби жарамдылық, алдын алу және мезгілдік тексеріс, психиатриялық сараптама, соның ішінде сот-психиатриялық, жастардың денсаулық жағдайы сараптамасы (әскери-медициналық) сияқты медициналық қызмет түрлерін көрсетеді.

«Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығының» диспансер бөлімшесі Астана қаласының тұрғындарын амбулаториялық психиатриялық көмекпен қамтамасыз етеді. Көмек көрсетудің принципі: бірлестікке барынша жақындаумен және АМӘК-ке шоғырланумен учаскелік-аумақтық принцип. 10 ересектерге, 4 балаларға, 1 жасөспірімдерге қызмет көрсететін учаскелер бар.

Күндізгі стационар - қор сақтаушы технология дамуының маңызды құрамы. Емдеу барысында науқастың белсенді қатысуы кезінде медицина қызметкерлері мен пациенттің өзара қарым-қатынасының серіктестік үлгісі енгізілуде, бұл белсенді емдеуде болудың мерзімін жылдамдатады және әлеуметтік ортаға бейімделу кезеңі тез өтеді.

Күндізгі стационарда пациенттермен психологиялық білім беру бағдарламалары бойынша жұмыстар жүргізіледі (науқастар үшін тренингтер, психикалық бұзылушылықтары бар пациенттердің ата-аналары үшін мектептер). Бұл жұмысты әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар атқарады.

Құрылымында сенім телефоны (тәуліктік режімде), суицидологиялық кабинет (№ 4 қалалық емхана базасында жұмыс істейді), психиатриялық стационарда дағдарыс төсек/орындары бар Астана қаласы «Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы» МКҚК мамандары Астана қаласында өзіне өзі қол жұмсау ойы бар тұлғаларға, соның ішінде жасөспірімдер мен жастарға мамандандырылған психологиялық-психотерапиялық көмек көрсетеді.

Суицидологиялық көмекті көрсетудің аталған құрылымы, ең алдымен, екінші реттік өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алуға бағытталған. «ПДПМО» МКҚК суицидологиялық қызметі жұмысының негізгі бағыттары:

1. Тұрғындармен психологиялық алдын алу жұмыстары (БАҚ-та өзіне өзі қол жұмсау тақырыбын түсіндіру)

2. Арнаулы топтармен жұмыс: өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алу бойынша суицидолог-дәрігердің дәрістері, орта және жоғары оқу орындары студенттерімен интерактивті дөңгелек үстелдер

3. Дағдарыс жай-күйлерінің алдын алу, ерте тану және бетін қайтару бойынша емдеу-алдын алу мекемелеріне, білім беру және күш құрылымдары мамандарына ұйымдастырушылық-әдістемелік және кеңес беру көмегі.

 

СҰРАУ

«ПДПМО» қызмет көрсету сапасын Сіз қалай бағалайсыз?