Психоәлеуметтік оңалту орталығы

Бөлімше меңгерушісі

Уашева Айжан Кайргельдиновна

Созылмалы ментальді ауытқушылықтары бар науқастарға тек дәрілік терапия ғана жеткіліксіз, оларға  психоәлеуметтік оңалтуда қажет. Орталық психикалық және мінез-құлық бұзыластарынан зардап шеккен адамдарға қоғамда жұмыс істеуге көмектседі. Орталықтың негізгі мақсаты- мүмкін әлеуметтік және экономикалық жетістікпен қоса науқасты қоғаммен біріктіру, сол үшін осы науқастарды оңалту ең алдымен оларды әлеуметтендіру болып табылады.

Орталыққа науқастар ауытқулардың келесі түрлері бойынша қабылданады:

  • органикалық и симптоматикалық психикалық  бұзылыстар;
  • шизофрения, шизотиптік  және сандырақтау бұзылыстары;
  • көңіл-күйдің күйзелістік бұзылыстары;
  • күйзелумен байланысты невротикалық және соматоформды бұзылыстар;
  • физиологиялық бұзылыстармен және физикалық факторлармен байланысты мінез-құлық бұзылыс синдромдары;
  • Ақыл-ой кемтарлығының жеңіл түрі;                                    

Психоәлеуметтік әсердің формалары мен әдістері келесі негізгі   бағыттарды қосады: науқастардың психобілімі, қарым-қатынас жасау тренингтері, әлеумттік дағдылар тренингтері, өз-өзіне қызмет ету дағдылары,  мәселелерді шешу дағдыларын дамыту тренингтері, когнитивтік-мінез-құлық психотерапиясы, отбасы психотерапиясы, қолданбалы әсемдеу шығармашылық шеберханасы: бейнелеу өнері (сурет салу техникаларына үйрету), арт-терапия, қолөнер сабақтары; театр студиясы: өлең және вокал сабақтары, билеуге үйрету сабақтары, театрлық өнерді дамытатын сабақтар; қоршаған орта арқылы емдеу, ойын-сауық бағдарламалары, еңбек терапиясы және осының бәрі мемлекет тарапынан төленеді.

Біреуде жұмысқа орналасуға мүмкіндік пайда болады, біреулер достарын кездестіреді. Оңалту- әбден жазылу деген сөз емес,  әрбір науқастың жеке ерекшеліктеріне қарай қоғамда бейімделуі.