Психотерапия және психокоррекция орталығы

 

Психотерапия және психокоррекция орталығы директоры – БайгенжинаАйнур Бирлик-кызы

Психотерапевт-дәрігер.

Нақты ғылымдар магистрі, UCL (Университетский Колледж Лондона), Великобритания.

Петербург мектебінің психотерапия және қарым-қатынас психологиясы

бойынша жекетұлғалық-бағыттық (реконструктивных) психотерапевттер қоғамдастығы мүшесі.            

Психосоматикалық аурулардан зардап шегуші тұлғалар үшін психоневрологиялық бөлімше Астана қаласының тұрғындарына мамандандырылған психоневрологиялық көмек көрсетуді жүзеге асырады.

Психотерапия және психотүзету орталығында психология, психотерапия, психиатрия саласындағы мамандар жұмыс істейді. Сіздерге гипнотария, жеке және топтық психотерапия, сенсорлық бөлме бойыншақызмет көрсетіледі.   

Бөлімшенің негізгі функциясы: 

  • Заманауи әдістер мен  құралдарды қолданып шекаралық психосоматикалқық ауытқуларды диагностикалау және емдеу;
  • Бекітілген аумақтағы органдар мен медициналық мекемелерге шекаралық психикалық және соматикалық патологиялар жөнінде профилактика, диагностика және емдеу мәселелері бойынша консультативті көмек көрсету;
  • Шекаралық психосоматикалық ауытқулардан зардап шегетін науқастарды емдеуде сабақтастастық;
  • Науқастардың уақытша жұмысқа жарамсыздығына сараптама.

Бөлімшеде төмендегі патологиялар бойынша көмек көрсетіледі:

  • Шекаралық психикалық  емес деңгейіндегі бұзылушылық;
  • ОЖЖ органикалық зақымдануы зардабынан болған психикалық  емес жағдай
  • Невроздар
  • Невроз тәріздес жағдай
  • Диэнцефальды синдромдар
  • Әртүрлі қорқыныштар мен мазасыздандыратын ойлар

Бізде келесідей бөлмелер бар:                                                                                       

- Демалыс бөлмесі

Науқастардың кешкі бос уақыттарын өткізуге арналған: шахмат ойнауға, кітап оқуға, теледидар қарауға немесе жай ғана бір-бірімен араласуға арналған.

- Топтық психотерапия бөлмесі

Залда психотерапевттер мен психологтар топтық форматта науқастарға терапия өткізеді.

- Сенсорлық бөлме

Бұл бөлме жұмсақ еденмен және жұмсақ жабынмен жабдықталған. Сонымен қатар, жұмсақ көрпешелер, жастықтар, шарлармен толтырылған құрғақ бассейн бар. Бөлмеде фиберооптиалық әсер беретін (жұлдызды аспан, жұлдызды жаңбыр), ілінбелі-қозғалмалы конструкциялар (айналық шар, құрғақ жаңбыр), күңгірт жарық беретін шамдар бар.

 

Біздің мекен-жайымыз: Астана қ., Ілияс Жансүгіров, 12 көшесі

Байланыс телефондары:  8 (7172) 547507, 87750947936