Автокөлікті басқаруға рұқсат беру туралы мәселені шешуде медициналық тексеруден өтетін тұлғалар үшін жаднама

2013 жылғы 20 наурыздағы «Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер тұлғаларды медициналық тексеруден өткізу Ережелерін бекіту туралы» ҚР ДСМ № 166 бұйрығына 2014 жылғы 26 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»  № 350 бұйрығына сәйкес: 

19. ҚР «Денсаулық сақтау жүйесі және халықтың денсаулығы туралы» Кодексінің 123-бабы, 2-тармағына сәйкес психологиялық  тестілеумен психиатр дәрігерінің медициналық тексеруі ерікті түрде өткізіледі және ақысыз медициналық көмектің кепілденген көлемі тізбесіне енгізілмеген. 

20. Төлемі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2299 Қаулысымен бекітілген, денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызмет көрсету Ережелері және шарттарына сәйкес, психиатриялық ұйымға жүргізіледі. 

22. Медициналық тексеруден өтуде Үміткер  ұсынатын қажетті құжаттар: 

  • Үміткердің тұлғасын куәландыратын құжат;
  • мекенжай анықтамасы;
  • әскери билет (әскери есептен алынған және жатпайтын тұлғаларды алып тастағанда) 

2017 жылғы ШЖҚ ПДМО МКК-да көрсетілетін қызметтерге баға көрсеткіштеріне сәйкес, психологиялық тестілеумен психиатр дәрігерінің қызметі 1900 теңгені құрайды. 

Психологиялық  тестілеумен психиатр дәрігерінің медициналық тексеруді өткізу орны: 

Мамандандырылған ХҚКО, Астана қ.,20-40 к-сі, 2-үй 

Жұмыс істеу сағаты: дүйсенбі – жұма 9.00-18.00