Этикалық ережелер

1 - бап.  Ұйымның миссиясы және құндылықтары 

Біздің миссиямыз  медициналық және психоәлеуметтік қызмет көрсетуде инновациялық жетістіктерді қолдана отырып,  халқымыздың психикалық саулығы мен  әлеуметтік  деңгейін жоғары көтеруді қамтамасыз ету.

Біздің құндылықтарымыз:

1.сыйластық негізіндегі өзара қарым-қатынас;

2.ұйымшылдық;

3.кәсіптілік;

4.тәлімгерлік;

5.қаржылық тұрақтылық;

6.жоғары сапалы медициналық қызмет ұсыну;

7.әр пациенттің қажеттілігін қанағаттандыру;

8.ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету;

9.қызметкерлерімізді және пациенттерімізді инфекциялық аурулардан қорғауды  қамтамасыз ету.                       

Біз құндылықтарымызды басшылыққа ала  отырып, біздің барлық ұмтылыстарымызда жоғарғы деңгейге жету үшін, осындай мәдениетті қолдаймыз. 

2-бап. Кодекстің әрекет ету аумағы

1.Этикалық кодекс (бұдан әрі - Кодекс) Астана қаласы әкімдігінің «Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы» МКҚК (бұдан әрі -  «ПДПМО»), қызметкерлердің кәсіби қызметін жүзеге асырудағы  қылықтары қағидаттарын және этикалық нормалар   жиынтығын анықтайтын, қызметкерлерінің кәсіби этиканы сақтауы туралы  құжат.

2.Осы Кодекс қызметкерлер, қоғам мен пациент арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейді, адамның бостандығын және құқығын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Ар-намысты және қадыр-қасиетті қорғауға, сонымен қатар жалпы қоғамның және жеке тұлғаның денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге кепілдік береді, қызметкердің өз қызметіндегі беделі үшін қоғам алдындағы жоғары моралдық-этикалық жауапкершілігін белгілейді.  

3-бап. Кодекстің мақсаты

1.Осы Кодекстің мақсаты қызметтік, кәсіби міндеттерін сапалы орындалуы және нәтижелілігі үшін ПДПМО қызметкерлерінің кәсіби мінез-құлық ережелерін, этикалық нормаларын белгілеу болып табылады.

  1. Кодекс:

а) орталық қызметкерлері және штаттан тыс қызметкерлер  өз қызметінде басшылыққа алуы тиіс этикалық құндылықтарды;

б) иеленіп отырған лауазымына  қарамастан ПДПМО қызметкерлері сақтауы тиіс кәсіби іс және парыздың негізгі қағидаттарын;

в) кәсіби қызметтерін жүзеге асыру кезінде ПДПМО қызметкерлерінің мінез-құлқын анықтайды. 

4-бап. ПДПМО қызметкерлерінің негізгі этикалық принциптері

  1. ПДПМО қызметкерлері өзінің кәсіби қызметі үшін мемлекет, қоғам, азаматтар мен пациенттер алдында жауапкершілік алады, сондай-ақ азаматтар құқығы мен еркіндігін және Қазақстан Республикасының мүддесін қорғауға міндетті.
  2. Қызметкерлер Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары мен ережелерін, Қазақстан Республикасының заңдарын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»  Қазақстан Республикасы Кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңды сақтаулары және оларды орындауды қамтамасыз етуі қажет, сондай-ақ кәсіби парызына адал болуы керек.
  3. ПДПМО қызметкері қызметтік міндеттерін орындау кезінде халықаралық стандарттар талаптарын, жеке және кәсіби мінез-құлықтың мінсіз нормаларын  ұстануға міндетті,  өз шешімдерін де және қорытынды жасауда тәуелсіз болуы керек.
  4. Қызметкерлер жынысына, нәсіліне, ұлтына, сеніміне және діни көзқарастарына қарамастан, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындап, кәсіби іске ғана негіздеуі тиіс.
  5. ПДПМО қызметкері өз біліктілігін және жұмыс сапасын, нормативтік құжаттарды білуді үнемі арттырып отыруы, денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту бойынша мәселелерді білуі  тиіс.
  6. ПДПМО қызметкері мүдделер қақтығысы мен шиеленісті болдырмау бойынша іс-шаралар қабылдауы, лауазымдық міндеттерді орындау кезінде жеке қызығушылығы жөнінде басшылықты хабардар етуі тиіс.
  7. ПДПМО қызметкері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының оң бейнесін қалыптастыру бойынша қызметті жүзеге асыруы және ПДПМО беделі мен атағына залал келтіруі мүмкін мінез-құлықтан аулақ болуы тиіс.
  8. ПДПМО қызметкері өзінің қызметтік  міндеттерін орындау кезінде  киімнің іскерлік үлгісін сақтауы қажет:
  • Дәрігерлер және орта медициналық қызметкерлер  медициналық стандартты үлгідегі, ақ түсті киім кию қажет;
  • кіші медициналық қызметкерлер көк түсті медициналық костюм кию қажет;
  • көмекші және техникалық қызметкерлер көк түсті арнайы киім кию қажет.

    Әр қызметкердің мемлекеттік және орыс тілінде жазылған тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген бейджигі болуы қажет.

  1. ПДПМО қызметкерінің жеке беделі оның кәсіби маман екенінін негізі,Орталықтың жақсы бейнесін және беделін көрсетеді.   

5-бап. Әріптестерімен және бағынышты адамдармен өзара қарым-қатынас этикасы 

  1. ПДПМО қызметкерлері ұжымда іскери, кәсіби және жолдастық өзара қарым-қатынасты орнатуға септігін тигізуі тиіс. Олардың кәсіби ісі және бір-бірімен құрылымдық ынтымақтастығы орталықтың нәтижелі қызметінің негізі болып табылады.
  2. Өз әріптестерімен салыстырғанда  өкілеттігі жоғары ПДПМО қызметкері өзінің кәсіби жеке пікірі бар әріптестеріне құрметпен қарауы тиіс.
  3. Өзге қызметкерлерге қатысты  ұйымдастырушы-өкім беруші өкілеттілігі бар ПДПМО қызметкері, қызметкерлер үшін кәсіби және мінсіз беделді қызметкер ретінде үлгі болуы тиіс.
  4. Қызметкер ұжымда нәтижелі жұмыс үшін моралдық-психологиялық  жағымды жағдай қалыптасуына ықпал жасауы, мүдделердің соқтығысуын реттеуі және болдырмау бойынша шаралар қабылдауы тиіс.
  5. ПДПМО қызметкері өз жұмысында  әріптестерін жыныстық, нәсілдік, ұлттық, діни, жас ерекшеліктері немесе саяси негіздерге байланысты бөлуге жол бермеуі, тек кәсіби критерийлерді басшылыққа алуы тиіс.
  6. ПДПМО қызметкерлері өзінің ресми мәртебесін, сонымен қатар құпия ақпаратты, қызметтік ақпаратты өз жеке басы мүддесіне немесе үшінші жақтың мүддесі үшін пайдаланбауы тиіс.
  7. ПДПМО қызметкерлері өздеріне заңмен қойылған шектеулерді сақтауы қажет. Егерде оларға жағымсыз ықпал көрсетіліп жатса және осы ықпалдың бастауын жоя алмаса,  онда өз басшылығына хабарлауы тиіс.
  8. ПДПМО қызметкерлерінің жеке  немесе отбасылық өзара қарым-қатынастары олардың өз қызметтік міндеттерін орындауына кесірін тигізуіне жол берілмеуі қажет.  

6-бап. Бақылаушы органдар мен ұйымдардың өкілдерімен қарым-қатынас этикасы

1. ПДПМО қызметкерлері өз кәсіби қызметін жүзеге асыруда азаматтарға және лауазымды тұлғаларға қатысты қарым-қатынаста сыпайы болуы тиіс. Тексеруші ұйымдармен  қарым-қатынаста ПДПМО қызметкерлері тексеруші ұйымның заңды құқығын және мүддесін бұзушылықтарды жібермеуі қажет.

2. Бақылау шараларын жүргізу кезінде ПДПМО қызметкерлері заңнамма нормаларын, өздерінің лауазымдық регламенттерін, белгіленген әдістер мен стандарттарды  қатаң басшылыққа алуы қажет.

3. ПДПМО қызметкерлері тексеруші сараптамашылардан, өзге де мүдделі ұйымдардан  және лауазымды тұлғалардан тәуелсіз болуы қажет. ПДПМО қызметкерлерінің тәуелсіздігіне ештеңе ықпал етпеуі қажет,  соның ішінде сыртқы қысым, өзге қызметкердің ықпалы, тексеруші сараптамашының жеке басына, тексеруші ұйымға, жобаға немесе бағдарламаға  қатысты жоғары пікір.

4. ПДПМО қызметкерлері өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында өз тәуелсіздігін кез-келген  саяси немесе өзге де ықпалдардан сақтауы қажет,  лауазымдық өкілеттілігін  саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер,  діни бірлестіктер және басқа да ұйымдар мүддесі үшін пайдаланбауы, сонымен қатар өз лауазымдық өкілеттілігі аясында  көрсетілген бірлестіктерге және ұйымдарға өз қатынасын жария түрде білдірмеуі қажет.

5.ПДПМО қызметкерлері өз тәуелсіздігін қамтамасыз ете отырып, мүдделердің кез келген соқтығысуларынан бойын аулақ ұстап, қандай да бір жеке, мүліктік (сыйлықтар, марапаттаулар және т.б.) және өзге де мүдделер әсерімен байланысты әрекеттерді болдырмауы қажет.

6. ПДПМО қызметкерлеріне тәуелсіз әрекет ету мүмкіндігіне әсер ететін немесе абыройын түсіруі мүмкін тексеруші ұйымның басшылығымен және қызметкерлерімен қарым-қатынасқа түсу қажет емес. 

7.Жұртшылықпен қарым-қатынас этикасы 

  1. ПДПМО қызметкері егер оның қызметтік міндетіне кірмесе, мемлекеттік органдардың, олардың басшыларының қызметіне қатысты жария түрде пікір айту, пайымдау және бағалаудан тартынуы тиіс.
  2. ПДПМО қызметкері:

а) Тексеруші ұйымдар алдында ПДПМО беделі мен атағын, лауазымды тұлғалардың,  ПДПМО пациенттері мен азаматтарының ары мен абыройын сақтауға;

б) Кәсіби іс қызметі аясында  ғана өз өкілеттігін пайдалануға. 

8- бап. Қызметкерлердің пациенттер мен олардың туысқандарымен қарым-қатынас этикасы.

Медициналық қызметкерлерде жақсы әдеттер, сыпайылық және қайырымдылық міндетті түрде болуы керек.

Науқастарға және олардың туысқандарына дөрекі сөйлеуге, дауыс көтеруге жол берілмейді, тіпті олардың қарым-қатынастары дұрыс емес болса да, өзін дұрыс, салқынқанды ұстауы қажет.  Егерде қызметкер пациентті немесе оның туыстарын жақтырмаса да,  жағымсыз  сезімдер   сөзде де, қимыл да көрсетілмеуі  және емдеуге еш әсерін тигізбеуі  қажет. 

Медициналық қызметкерге  ауру туралы, сонымен қатар науқастың жеке өмірі туралы белгілі болған мәлімет, ешқандай жағдайда да бөгде тұлғаға науқастың келісімінсіз берілмейді.

Қызметкердің барлық  әрекеті науқастың игілігіне бағытталуы қажет, зардабын тигізуге емес.

Қызметкерлер науқасқа және оның туыстарына залал және зардап келтіретін әрекеттерден аулақ болуы тиіс.

Қызметкерлердің пациенттің туыстарымен қарым-қатынасы ең бірінші  науқастың тезірек жазылу  мүддесінде  құрылуы тиіс. Туыстарымен  науқастың жағдайы, диагнозы және болжамдары, сауығуы туралы сұхбатты тек дәрігер жүргізеді.

Науқастың туыстарымен кездесуі мәселесінде  науқастың жағдайын және өзара қарым-қатынастарын  есепке ала отырып жеке ерекшеліктері сақталуы қажет.  Науқастың туыстарымен кездесуі  науқасқа оң емдік әсер беретіндей етіп ұйымдастырылуы тиіс. Көптеген мүмкіндік кезекші қызметкерге байланысты. Келуші қаншалықты жылы және жақсы,  нақты тәртіпте қарсы алынса, ол емдеуде жатқан туысына да көрсетілетін қарым-қатынасты сол дәрежеде бағалайды.

9-бап. Этикалық шиеленістер.

  1. ПДПМО қызметкері өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында келесі әрекеттер нәтижесі салдарынан болған шиеленістік жағдайларға соқтығысуы мүмкін:

а) ПДПМО қызметкері лауазымдық міндеттеріне қайшы келетін заңсыз әрекеттерге бағытталған өзге тұлғалардың өтініштері мен талаптары;

б) Психологиялық және физиологиялық  әсерлер, сондай-ақ бопсалау мен өзге де ұқсас әрекеттер;

в) Басшылық тарапынан заңсыз қысым;

г) Қызметкердің қызметіне әсер ету үшін пайланылатын отбасылық немесе жеке сипаттағы қарым-қатынастар;

д) Өзге де заңсыз әрекеттер 

Барлық осы және өзге жағдайларда ПДПМО қызметкері Қазақстан Республикасының заңын, жеке этикасын сақтап, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қатаң сәйкестікте әрекет етіп, шаралар қабылдауы тиіс. Қызметкер өз қызметтік міндеттерін сақтап, осы Кодекстің этикалық принциптерін негізге алуы тиіс. Қызметкер өз құқығын қорғау бойынша заңды шаралар қабылдауы тиіс. 

10-бап. Этикалық шиеленістерді шешу

  1. ПДПМО қызметкері оның беделіне және (немесе) ПДПМО атағына залал келтіруі мүмкін шиеленістік жағдайлар шешу үшін барлық мүмкін шараларды осы Кодекстің нормалары негізінде қабылдауға міндетті.
  2. Егер ПДПМО қызметкеріне шиеленістік жағдайдан құтылу мүмкін болмаған жағдайда:

а) Шиеленіс проблемасын бөлімшенің тікелей басшысымен талқылап, шиеленісті ерте деңгейінде шешуге талпыну керек.

б) Егер белгілі деңгейдегі басшы проблеманы шеше алмаса немесе оған жеке өзі тартылған болса, ПДПМО қызметкері директор орынбасарларының біреуін осы жағдай туралы хабардар етіп, содан кейін директорға жүгінуі керек. 

11-бап. Жауапкершілік

  1. Қазақстан Республикасы заңдарын бұзған кезде, лауазымдық қылмыстар және өзге де заңсыз әрекеттер жасаған кезде қызметкер Қазақстан Республикасы заңнамасы негізінде жазаға тартылады.
  2. ПДПМО әрбір қызметкері лауазымдық міндеттерін және осы Кодекстің нормаларын өрескел және жүйелі бұзғаны үшін Еңбек Кодексі және Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша тұтастай жауапкершілікке тартылады.
  3.  Орталықтың барлық қызметкері  Қазақстан республикасы заңы негізінде орынсыз пікір айтқандары және жала жапқандары үшін жауапкершілікке тартылады. 

12-бап. Қорытынды ережелер 

Осы Кодекстегі ережелерді, ұсыныстарды, талаптарды және қағидаларды қол қойылған күннен бастап орындауға әр қызметкер міндетті.