Мақсаттар мен міндеттер

Кәсіпорын қызметінің мақсаты мен түрлері

1. Кәсіпорын қызметінің мақсаты мен түрлерін Мемлекеттік басқару органы белгілейді.

2. Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:

1) сараптамалық медициналық қызмет көрсету: еңбек қабілетін, кәсіптік жарамдылықты сараптау, алдын ала және мезгілдік тексеру, психиатриялық, соның ішінде сот-психиатриялық сараптама, бозбалалардың денсаулық жағдайын (әскери-медициналық) сараптау;

2) дәстүрлі емес медициналық қызмет көрсету: массаж, рефлексотерапия;

3) санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы қызмет көрсету: тұрғындарды гигиеналық оқыту;

4) алғашқы (дәрігерге дейінгі) медициналық-санитарлық көмек көрсету: ересектердің медициналық патронажы, балалардың медициналық патронажы;

5) жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету, тасымалдау кезінде медициналық ілесіп жүру;

6) диагностика: зертханалық (жалпы клиникалық, бактериологиялық, биохимиялық зерттеулер), рентгеноклиникалық, функционалдық;

7) мынадай мамандықтар бойынша ересектерге амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсету: психиатрия, психотерапия, офтальмология, оториноларингология, хирургия;

8) мынадай мамандықтар бойынша балаларға амбулаторлық-емханалық көмек көрсету: психиатрия, психотерапия, терапия, емдік дене шынықтыру, физиотерапия;

9) мынадай мамандықтар бойынша ересектерге және балаларға стационарлық медициналық көмек көрсету: психиатрия, психотерапия, терапия, фтизиатрия, емдік дене шынықтыру, физиотерапия, диетология (емдік тамақтану), невропатология, анестезиология, реаниматология; 
10) стоматология (терапевттік), офтальмология, акушерия, гинекология (аборт жасаудан басқа), физиотерапия, емдік дене шынықтыру;

11) есірткілік дәрілерді, психотропты заттарды және прекурсорларды сатып алумен, сақтаумен, таратумен, қолданумен, жоюмен байланысты фармацевтикалық қызмет;

12) психотроптық заттар мен прекурсорлары бар дәрілік заттардың айналымы;

13) ғылыми-тәжірибелік жұмыс: жұмыстың негізгі ұйымдастырушылық түрлерін, ғылымның, техника мен озық тәжірибенің қазіргі заманғы жетістіктеріне негізделген психикалық және мінез-құлық бұзылушылығы бар тұлғаларды диагностикалаудың, емдеу мен әлеуметтік-еңбектік оңалтудың қазіргі заманғы тәсілдері мен әдістерін игеру мен іс-тәжірибеге енгізу;

14) емдеу-өндірістік кәсіпорынды, сондай-ақ еңбек жағдайы жеңілдетілген мамандандырылған өндірістік цехтарды ашу;

15) «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесімен жалпы білім беру және қосымша мектеп бағдарламасы бойынша психикалық бұзылушылығы бар балалардың және жасөспірімдердің қалыпты оқуын ұйымдастыру мәселесі бойынша бірлесіп жұмыс істеу, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілерімен, психологтарымен, мектеп оқытушыларымен және психологтарымен психикалық бұзылушылықтарды уақытылы анықтау мен оның алдын алу жөніндегі ынтымақтастық;

16) психоәлеуметтік сауықтыру: туыстарымен әлеуметтік байланысын жоғалтқан, тұрғын үйі жоқ пациенттердің құжаттарын қалпына келтіру, қамқоршылық пен қорғаншылық мәселелерін шешу, «Астана қаласының Психикалық жүйке аурулардың медициналық-әлеуметтік мекемесі» мемлекеттік мекемесіне жолдама беру;

17) тапшылығы жоғары мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарымен, медициналық, ғылыми-зерттеу, емдеу-профилактикалық мекемелерімен, шетел оқу орталықтарымен шарт жасау негізінде мамандарды дипломнан кейінгі даярлау шеңберінде мамандарды даярлау.