Жемқорлыққа қарсы

Қазақстан Республикасындағы  2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру мақсатында, Астана қаласының Әкімдігі мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша  Департаментінің және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бойынша Ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша Департаменті  бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл бойынша 2017 жылға арналған жоспарды бекітті.

2017 жылдың 1 тоқсанында осы Жоспар бойынша әр органда сыбайлас жемқорлыққа қарсы  қолданыстағы жоспардың бар екендігін анықтау, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарына сәйкестігін  мониторингтеуді өткізу бойынша бірлескен жұмыс жүргізілді.

Жоғарыда көрсетілген Жоспардың 2 тармағына сәйкес, қазіргі уақытта медициналық ұйымдар арасында ішкі сыбайлас жемқорлық қауіптерін талдау жүргізілуде.

Ішкі талдау ұйымдар қызметін реттейтін НПА қауіптерін анықтау негізінде жүргізілуде; ұйымның ұйымдастыру-басқару қызметін ұйымдастырудағы   (мем.қызметті көрсетусапасы, өтініш-шағымдарды қарау сапасы, қызмет этикасын сақтау, қызметкрелерді басқару нәтижесі) қауіптерді анықтау.

Бұдан басқа, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша  бірлескен шараларды жүйелі түрде өткізу, осы шаралар туралы БАҚ-да және ресми сайттарда жариялау  қарастырылған.

Сонымен қатар,  осы Жоспарға жемқорлық көріністердің (пара ұсыну, мәселені дұрыс шешімін табуына ықпал ету) алдын алу мақсатында жемқорлық құқықбұзушылықтарды имитациялауды енгізу туралы ұсыныс енгізілді.

Сонымен бірге Жоспарда прокуратура органдарына, жоғары тұрған органдарға және Ұлттық бюроға   бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға  бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуы туралы, трасферттер мен инвестициялар туралы ақпарат беру қарастырылған. 

Астана қаласының денсаулық сақтау Басқармасы КОРРУПЦИЯҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ СТАНДАРТЫН әзірледі және бекітті.

Бұл Стандарт денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсыныстар мен кеңестер жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Стандарттың негізгі міндеттері:

  • Денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін тұлғаларда жемқорлыққа төзбейтін мінез-құлықты қалыптастыруға;
  • Сыбайлас жемқорлық  көріністерін  уақытылы анықтау және олардың негативті салдарының алдын алу;

Стандарт принциптері:

  • заңдылық;
  • транспоренттілік;
  • әдептілік;
  • жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін сақтау және оларды жемқорлық көріністерден қорғау;
  • жанжалдарға жол бермеу.