Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен дәрілік заттарды, профилактикалық препараттарды (иммунобиологиялық, диагностикалық және дезинфекциялық), медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 19.10.2017ж.

Алда тұрған 2017 жылғы 19 қазандағы №14 сатып алу туралы хабарландыру

Астана қаласы ШЖҚ  «Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы» МКК №1 Қосымшаға (ММБ, медициналық техника) сәйкес мемлекеттік сатып алу өткізетінін хабарлайды

Тауар мына мекенжайға: 010000, Астана қаласы, І.Жансүгірұлы көшесі,12,  Астана қаласы ШЖҚ 

«Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы» МКК-ы №1 Қосымшаға (медициналық жабдық) сәйкес жеткізілуі тиіс.  

Жеткізу мерзімі және талаптары: шарт жобасы талаптарына сәйкес

Бағалық ұсыныстарды ұсыну мерзімі 2017 жылғы  24 қазанда сағат 09.00-де аяқталады.

Бағалар ұсынысы бар конверттерді ашу 2017 жылдың 24 қазаны сағат 09.00-ге белгіленді, мекенжайы:  Астана қаласы, І.Жансүгірұлы көшесі,12.

Әр әлеуетті өнім беруші мерзім аяқталғанға дейін конвертке салып желімдеп бір ғана бағалық ұсыныс бере алады. Конвертте денсаулық сақтау аясындағы өкілетті орган бекіткен үлгіде бағалық ұсыныс болады, лицензиялау немесе рұқсат ететін шараларды жүзеге асыратын рұқсат беруші органдар берген жеке немесе заңды тұлғаның   қызметті немесе жұмысты (операцияны) жүзеге асыру құқығын растайтын рұқсат қағазы,  сонымен қатар ұсынылатын тауарлардың  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазанда №1729 Қаулысымен бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Қағидасына» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2016 жылғы 29 желтоқсандағы №908 Қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, 4 тараудағы талаптарға сәйкес екендігін растайтын құжаттар  салынады және Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімге дейін тапсырылады.

Конвертте әлеуетті өнім берушінің атауы және заңды мекенжайы көрсетіледі. Конверт сатып алуды ұйымдастырушыға хабарландыруда немесе сұрауда  көрсетілген мекенжайы бойынша жіберіледі, «___________ сатып алу» (сатып алынатын қызмет, тауар атауы көрсетіледі) және ________________ (хабарландыруда немесе сұрауда  көрсетілген конвертті ашу күні және уақытына ) дейін «Ашуға болмайды» деген сөз жазылады.  

Жеңімпаз тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға жеңімпаз деп танылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды ұсынады:

1) рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмесі не мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) электрондық құжат түріндегі рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмесі. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;

2) заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);

4) заңды тұлға жарғысының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, онда акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе құрылтай шартының көшірмесі сатып алуды хабарлау күнінен кейін ұсынылады);

5) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

6) конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес берілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше банктің немесе шетел банкінің клиенті болып табылса, онда әлеуетті өнім берушінің шетелде орналасқан филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, осындай банктердің әрқайсысынан анықтама ұсынылады) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстанның даму банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес үш айдан астам созылатын міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігі туралы әлеуетті өнім беруші қызмет алатын банктің қол қойылған анықтамасының түпнұсқасы;

7) Қазақстан Республикасы салық органының осы әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтыны туралы анықтамасының түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмесе).
Жеңімпаз біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда баға ұсыныстары тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылады. 
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі: Агадилова А. мемлекеттік  сатып алу менеджері, тел: 547508, эл. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  мекенжайы: І.Жансүгірұлы көшесі, 12 

 

Қосымшаны сақтау...