Орталық тарихы

Ақмола облысы психиатриялық қызметінің даму тарихы 

Ақмола облысының психиатриялық қызметі тың және тыңайған жерлерді игерумен байланысты тың өңірлердің экономикалық және мәдени дамуын өркендету, совхоздар мен Целиноград қаласының өнеркәсіп орталығын құру кезеңінде дербес дами бастады. 

1949 жылға дейін Ақмола облысының психикалық бұзылушылықтары бар барлық науқастары Көкшетау қаласынан 30 шақырым жердегі Алексеевка қаласының облыстық психиатриялық ауруханасына жатқызылды. Аурухана бұрынғы земство көз ауруханасының ағаш ғимаратында орналасты.      

1953 жылы 18 маусымда қаладан 35 шақырым жердегі Ақмола ауданының Малиновка ауылында 35 төсектік облыстық психиневрологиялық диспансер құрылды, біраз уақыттан кейін атауы облыстық психиатриялық ауруханаға ауыстырылды. Диспансер КАРЛАГ аумағы – Халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагерінде (АЛЖИР) орналасты.  

Ақмола облыстық психоневрологиялық диспансердің бас дәрігері болып Горьковой Иван Платонович тағайындалды. Қазақ КСР еңбегі сіңген дәрігері, жарқын, ерекше дарынды адам. Ол психиатриялық қызметтің дамуына зор үлес қосты.    

И.П. Горьковой басқарған жас дәрігерлер мен мейірбикелер ұжымы (В.Е.Вецнер, Г.П.Ленский, Ленская Г.Н.,  В.В. Шаповалова, Р.Н.Канцерова, Р.Лян,  О.И.Денисова) бөлімшелер едені цементтен, төбесі аласа, орта ғасырдағыдай торлы кішкентай терезелері бар,  пешті қызметкерлер қолдан жасаған қамыспен жағатын бірқабатты барақтарда орналасқан жерде жұмыс істеді. Саны 15 адам науқастардың бірінші тобы Көкшетаудан жеткізілді.  

Қызметкерлер психикалық ауруларды емдеудің заманауи әдістерін игеруге және дәрігерлер шоғырын дайындауға қолжеткізді. Нәтижесінде олар тыңдағы психиатрияның кадрлық іргетасын құрады: В.Н.Алексеенко, В.Г.Марциоха, В.П.Аверин, Б.П.Чаловский, В.П.Власенко, Р.Л.Власенко. 

Ақмола ауданы, Малиновка ауылы, 1965 жыл Психиатр-дәрігерлер Б.П. Чаловский, В.Г. Марциоха, В.С. Ващенко.

Ақмола ауданы, Малиновка ауылы, 1966 жыл. Дәрігерлер – Ващенко, В. Тунева, Б.П. Чаловский, Р.Х. Таучелова, В.К. Смирнов,  В.С. Тунев.

1957 жылға қарай аурухананың төсектік қоры 150 төсекті құрады. Ауруханада сот психиатриялық сараптама комиссиясы мен дәрігерлік-еңбек сараптау комиссиясы ұйымдастырылды. ЭКГ, рентгенология, физиология, ЭЭГ кабинеттері, биохимия зертханасы ашылды, терапевт, хирург, окулист, невропатолог секілді кеңесші дәрігерлер тұрақты түрде жұмыс істей бастады. 

Сол кезде еңбек терапиясының негіздері қаланды. Емдеу ісі аурухананың қосалқы шаруашылығында, содан кейін аумағында диспансер орналасқан  совхозда басталды. 

1961 жылы Целиноградта кейін атауы Целиноград қалалық психиатриялық аурухана болып ауыстырылған, 100 төсектік стационары бар қалалық психоневрологиялық диспансер ашылды. 1962 жылы аурухана жанында көпбейінді бағыттағы емдеу-еңбек шеберханасы (ЕЕШ) ұйымдастырылды. Оның негізін тігін, пластмасс, галантерея, механика және ағаш цехтері құрады. Қалалық қызметті  Горьковой Иван Платонович басқарды.


Малиновкадағы аурухананы Марциоха Виктор Григорьевич басқарды. Көпқырылы, өз ісіне берілген адам.  

Кейінгі кездері ұзақ уақыт бойы Целиноград облыстық психиатриялық ауруханасы диспасер бөлімшесінің мейірбикесі, СПСК төрағасы қызметін атқарды.

Ақмола ауданы, Малиновка ауылы, 1966ж. Дәрігерлер аурухана аумағында – Б.П. Чаловский, Р.Х.Таучелова, В.Г.Марциоха, В.Н.Алексеенко, Л.Ракитина  

1963  - 1973  жылдары  -  психиатрияның дамуының аса жарқын да өзгермелі кезеңі. Бас дәрігер Горьковой Ивана Платонович пен емдеу-еңбек шеберханасының (ЕЕШ) директоры Кальманович Альберт Давыдовичтің шығармашылық екпіні мен энергиясы арқасында емдеу-еңбек шеберханасы ерекше екпінде дамыды. 1963 жылы олар дербес теңгерімге ауыстырылды. Барлық стационарлық бөлімшелерде пациенттер еңбек терапиясымен айналысқан еңбек бөлмелері болды. Пациенттер жұмыстар шартты түрде күрделілігі І, ІІ, ІІІ бөлінген жұмыстарды орындады, бақылауды еңбек жөніндегі дәрігерлер жүргізді. Барлық науқастарға науқастың еңбекке деген қатынасы ғана емес, оның психикалық жай-күйінің өзгерісі көрсетілетін еңбек карталары ашылды.  

Емдеу еңбегі есі ауысқандардың денсаулығын қалпына келтіру құралы мен психиатриялық аурухана материалдық базасының бастауына айналды. Ұжым есі ауысқандар өз өміріне қажеттіні лайықты түрде таба алатын қоғамның толыққанды мүшелері екендігін іс жүзінде дәлелдей алды. 1969 жылы емдеу-еңбек шеберханасы Қазақстан Республикасының халықтық-шаруышылық жоспарына қосылды.  

Г.В.Цой, И.П.Горьковой, И.И.Штильман Целиноград 1963 жыл.


Осылайша, психикалық бұзылушылықтардан зардап шегуші науқастар стигматизациясымен күрес және оңалту бағдарламаларын дамытуға елеулі үлес жасалған болатын. Өнім сатып алу сұранысы мен өтімге ие болды. Бұдан басқа, ЕЕШ алынған табысы жыл сайын медициналық жабдықтарды сатып алуға, аурухананың күрделі жөндеуіне жұмсалды.   

Ақша жаңа аурухананың құрылысына, қызметкерлерге арналған пәтерлерге, қызметкерлер балаларының балабақшаларына берілді. 

Республика ЕЕШ еңбек-нұсқаушыларының семинары 1972ж. 

70-жылдары психикалық науқастарды емдеу ауыр болды. Бұл онейройд, кататония-гебефрениялық симптоматикасы, созылмалы галлюциноз, параноидты симптоматикасы бар науқастар. Психотропты препараттарды таңдау шектелді. Аминазин, сульфазин, инсулин-шокты терапия кең түрде қолданылды. Көптеген пациенттерде нейролептиктерге резистенттілік байқалды. Мажептил, галоперидол секілді препараттар ауыр нейролепсияларға, тіпті қатерлі жағдайларға дейін әкеп соқты. 

1970 – 1999 жылдар – облыстық психиатриялық аурухананың жұмыс істеу кезеңі 

1970 жылы облыстық және қалалық психиатриялық ауруханаларды 585 сметалық төсектік стационар мен диспансерлік бөлімшесі бар Целиноград облыстық психиатриялық ауруханасына (ЦОПА) біріктірілді. Стационар құрылымында психикалық науқастарға, туберкулезден зардап шегуші, ішімдіктен зардап шегуші шекаралық жай-күйлері бар науқастарға, қарт кісілерге арналған, балалар бөлімшесі бөлінді.

 

1973 жылы Целиноград облыстық психиатриялық ауруханасының басшысы болып  Чаловский Борис Петрович болып тағайындалды.

 

 

 

 

1976-1978 жылы аурухана жаңа ғимаратқа ауыстырылды. Стационар қуаты 1050 төсекке дейін артты. Қосымша «оңалту» орталығы ашылды. Аурухана жанында 25 орындық жатақхананың ашылуы туысқандарымен байланысты жоғалтқан және жеке тұрғын үйі жоқ науқастардың проблемасын шешуге мүмкіндік берді. Емханалық көмекті диспансер бөлімшесі күніне 300 келімге қызмет көрсетті, 6 ересектер психиатриялық учаскесі, 3 балалар, бір жасөсіпірімдер учаскесі жұмыс істеді, қабылдауды психотерапевт-дәрігерлер, логопед жүргізді. Аурухана заманауи жабдықтармен жабдықталды, жеке клиникалық, биохимиялық, бактериологиялық зертханасы, функционалдық диагностика кабинеттері, балшық емханасы бар физиотерапия бөлімшесі болды. 

 Целиноград облысы Облыстық психиатриялық ауруханасының ұжымы 1980 ж.

Балаларға арналған мамандандырылған бөлімше 75 төсекке дейін кеңейтілді, мұнда жыл сайын есепке алуда тұрған науқас балалардың 13 – 14% емдеуден өтті, оның шамамен 60% ауыл балалары құрады.        

Балалар бөлімшесі жеке екі қабатты ғимаратта орналасты. Сол кезде емдеу ұзақтығы 48-52 төсек/күн болды. Стационарда болу жастарына қарай бірнеше топтарға бөліне отырып жүзеге асырылды: 4-10 жас аралығы, 11-15 жас аралығы. Бөлімшеде балаларды 1-3 сынып аралығында мектеп бағдарламасы бойынша оқыту і, 4-9 сынып аралығындағы балаларға оқу-кеңес беру бөлімі жүргізілді. 

Тәрбие арқылы түзету, әлеуметтік бейімделу жүйесі әзірленді және жүзеге асырылды. Логопед, балалар психологі, физиокабинет жұмыс істеді. Целиноград облысы балалар психиатриялық қызметінің дамуына келесі балалар психиатрлары зор үлес қосты: Макухина Любовь Петровна, Никитина Галина Леонидовна, Пашкевич Зинаида Петровна, Толстокулакова Лидия Николаевна. 

Балалар бөлімшесінің ұжымы Бөлімше меңгерушісі – З.П.Пашкевич (жоғарғы қатарда суреттің ортасында)

Психиатриялық көмектің ведомствоаралық сипатын ескерсек, ағарту, әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерімен және ішкі істер басқармасымен байланыс орнатылды. Аурухана мамандары психологиялық медико-педагогикалық комиссияға, көмекші мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің мамандандырылған топтары мамандарына кеңестік көмек көрсетті. Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде мамандандырылған дәрігерлік-еңбек сараптау комиссиясы жұмыс істеді. ЦОПА базасындапсихикалық аурулар терапиясы мәселелері, психиатриялық көмекті ұйымдастыруды жақсарту мәселелері бойынша бірнеше рет облыстық, республикалық кеңестер өткізілді (1980ж.,1982ж., 1986ж., 1989ж).

КОКП ОК мен «Халыққа психоневрлогиялық және наркологиялық көмектің көрсетілуін арық қарай жақсарту туралы» КСРО Министрлер кеңесінің 1980 жылғы 12 маусымдағы № 705 Қаулысының шығуына байланысты психиатриялық қызмет ары қарай жетіледі. Психъиатриялық көмектің ауруханадан тыс бөлімі кеңейеді. 200 орындық екі күндізгі стационар ашылды, 850 орынға дейін ЕЕШ орындар саны артылды, цехте 120 орындық үй еңбегі құрылды, орталық аудандық аурухана жанында психиатриялық кабинеттер жұмыс істей бастады. 1987 жылы емдеу-еңбек шеберханасының тігін және пластмастарды өңдеу бойынша екі негізгі цехі болды. Еңбекке күніне 1500 науқас тартылды. Еңбекке араласқан науқастарға ақшалай сыйлықтар берілді.   

Заманауи антипсихотикалық препараттарды, антидепрессанттарды енгізу созылмалы, ауыр психоздар санын едәуір төмендетуге мүмкіндік берді. 

Жаңадан салынған аурухана аумағын ұжым учаскелер бойынша абаттандырып көгалдандырды. Орталық аумағына көрік беріп тұрған ағаштар мен көшеттерді қызметкерлер өз қолдарымен өсірген.  

 Целиноград. 1979год. Марциоха В.Г., Эльман И.А., Дорошев А.И.


 Целиноград. 1979год. В Алексеевке за саженцами 1979г

Кеппель В.Н., Лесик Ф.А., Фатимские Олег и Зоя, Зинаида Трофимовна, Садовничий В.И.

Целиноград. Жаңа аурухана маңында ағаш отырғызу 1977ж.

Емдеу жұмысынан өзге қоғамдық жұмыстар да атқарылды. Хор ұйымдастырылды. Мереке күндері музыка ұжымы өндірістік кәсіпорындарда, «Красный яр», Тың игерушілер, жастар сарайының сахналарында концерттер берді. Аурухана қызметкерлері көркемөнерпаздар өнерпаздар байқауларына қатысты. Спорттық жарыстарға басым назар аударылды. Қалалық спорттық жарыстар өткізілді. 

 Меңгеруші А.С. Удовиченко ассистенттері В.И. Рузанов пен В.М. Ваулинмен басқарған психиатрия кафедрасы ашылды. Ауруханада Медицина институты психиатрия кафедрасы қызметкерлерінің қатысуымен аса ауыр науқастарды ауруын талдау бойынша дәрігерлік конференциялар жүргізілді, өзекті тақырыптар хабарламасы тыңдалды. Аурухана бөлімшелерінің базасында мединститут сбуденттері іс-тәжірибеден өтті.

1983 ж. Бас дәрігерлердің республикалық кеңесі  Суретте: Б.П.Чаловский, Н.М.Жильцова, Р.Г.Илешева, М.А. Гонопольский  және т.б.

Психиатриялық қызмет жұмысын жақсартудың маңызды кезеңі алғаш рет республикада 1982 жылы облыстық психиатриялық аурухана құрылымында жедел психиатриялық көмек бригадасын құру болды. Бұл психиатриялық көмекті көрсету көлемі мен уақытылы көрсетілуіне, үйдегі науқастарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға ғана емес, қоғамдық-қауіпті әрекеттерді жасауға ниетті науқастар тарапынан құқық бұзылушылықтар пайызын төмендетуге мүмкіндік берді.  

Целиноград облысының облыстық психиатриялық аурухана ұжымы  1984 жыл.

Сурет ортасында бас дәрігер Б.П.Чаловский

Халыққа психиатриялық көмек көрсету бойынша алдына қойылған міндетті орындауға қабілетті, күрделі әрекетті медициналық ұйым бола отырып  психиатриялық көмек құрылымы бірыңғай басшылықты, психикалық бұзылушылықтары бар науқастарды емдеуге, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бірыңғай амалмен қамтамасыз етті.

90-жылдар психиатриялық аурухана үшін қиын болды. Астана қаласының психиатриялық қызметі жай-күйінің талдауы сол кезеңдегі тұтастай Қазақстан республикасының психикалық денсаулық қызметі үшін жалпы үрдістерді анықтады: 

1.Ауруханадан тыс және стационарлық психиатриялық көмек аясы тарылды: амбулаториялық көмек тек дәрі-дәрмектік терапия көлемінде көрсетілді, психикалық және мінез-құлық бұзылушылықтары бар тұлғалардың патронажы тоқтатылды. Төсек қоры 1015 төсектен 500 төсекке дейін қысқартылды.

2.Психиатриялық қызметті қаржыландырудың ең төменгі қажетті көлемі емдеу үдерісінің тиімділігі мен сапасының төмендеуі әкеп соқты. Психикалық бұзылушылықтары бар тұлғалар қолдау терапиясы үшін дәрілік құралдармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеді, бұл ауруханаға жатудың жиілеуіне, стационарда пациенттердің болу мерзімінің (57-59 төсек-күн) артуына себеп болды.  

3.Психикалық науқастардың әлеуметтік және еңбек сауықтыруы үшін мүмкіндіктер іс жүзінде мүлдем болмады. Жартылай стационарлық психиатриялық көмек көрсететін құрылымдарға аса едәуір әсер етті. Күндізгі стационар саны бірге қысқарды. Қазақстанның көптеген өңірлеріндегідей халықтық-шаруашылық жоспардан шығарылуына және шикізаттың жеткізілуінің тоқтауына байланысты емдеу-еңбек шеберханасы тоқтатылды.  

4.Амбулаториялық тәжірибеде дәрілік психотропты құралдардың жұтаңдығы, дәрілік қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейі психотроптық құралдарды таңдау мүмкіндігін шектеді.    

5.Материалдық-техникалық базаның мардымсыздығы, заманауи медициналық жабдықты сатып алу үшін қаржы мүмкіндігінің болмауы.

6.Мамандардың кетуі, даярланған кадрлардың тапшылығы.

Аурухана ұжымы қайта құрудың барлық қиындықтарын жеңді. Науқастарды еңбек терапиясымен қамтамасыз етудің жаңа түрлері іздестірілді, қаланың ірі өндіріс кәсіпорнының бірімен халықтың тұтыну тауарларын бірлесе өндіру ұйымдастырылды. Емдеу-еңбек шеберханасы және «Целиноградсельмаш» өндірістік бірлестік арасында халықтық тұтыну тауарларын бірлесе өндіру туралы ереже жасалды. Сонымен емдеу-өндірістік шеберхана құрылымы, олардың бейіні сақталды, бұл еңбек терапиясына тартылатын науқастарға арналған емдеу-өндірістік шеберханасының жабдықтарын пайдалануға мүмкіндік берді.    

Облыстық орталық Астана қаласынан Көкшетау қаласына ауыстырылуына байланысты Ақмола облыстық психиатриялық ауруханасы 1999 жылғы 21 сәуірдегі ҚР Үкіметінің Қаулысы негізінде Көкшетау қаласына көшірілді.

Астана қаласының «Психиатриялық аурухана» ММ қала әкімінің 1999 жылғы 19 мамырдағы № 3-1-382.4 шешімінің негізінде қайта құрылды. Аурухананың қайта құрылуы төсек қорының 500 төсектен 365 төсекке дейін қысқаруына әкелді.Соған байланысты 100 төсекке геронтопсихиатриялық бөлімше жұмысын тоқтатты, балалар төсегінің саны, невроздар бөлімшесі 55 төсекке дейін қысқарды.

 

2001 жылы клиниканы медициналық ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі мол Айғожин Балаби Қайыркешұлы басқарды.

 

 

 

 

 

Әкімшілік және стационар ғимараттарының күрделі жөндеуі жүргізілді, емдеу-диагностикалық бөлімшесі дербес құрылымдық бөлімшеге бөлінді. 

Астана қаласының «Психиатриялық аурухана» ММ ұжымы 2003 жыл. 

Суретте: Б.Қ.Айғожин (сурет ортасында), әкімшілік, бөлімше меңгерушілері 

Ауруханадан тыс психиатриялық көмекті диспансер бөлімшесі көрсетеді. Астана қаласы тұрғындарының психиатр-дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 10 мың тұрғынға 0,8 құрады (10 мың тұрғынға 0,6 республикалық көрсеткіште)

Талдау жасалып отырған кезең бойынша диспансер учаскелерінің саны ересектердікі бестен сегізге дейін, балалардікі екіден үшке дейін, жасөспірімдердікі бірден екіге дейін көбейді, алайда нормативтерге сәйкес келмеді.

2000-2003 жылдары психикалық және мінез-құлық бұзылушылықтары ауруы мен сырқаттану байқалады, бұл бірінше кезекте учаскелерде мамандардың жетіспеу салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылушылықтарын анықтаудың нашарлауымен, сондай-ақ көші-қон үдерістеріне (жас жұмысқа қабілетті адамадардың елордаға келуі) байланысты. 

Психикалық және мінез-құлық бұзылушылықтарымен сырқаттану деңгейі 1998 жылы 100 мың тұрғынға 326-дан 2003 жылы 100 мың тұрғынға 184,7 дейін кеміді.  

Осы жылдары сырқаттану көрсеткіштерінің кемуі байқалады. Бұл көрсеткіш 1998 жылы 100 мың тұрғынға 2233-тен 2003 жылы 100 мың тұрғынға 184,7 дейін кеміді (ҚР – 100 мың тұрғынға 1999,7). Жалпы республикалықтан сырқаттану көрсеткішінің артта қалуы Астана қаласының жалпы санының едәуір өсуінің көші-қон үдерістерінің көрінісі болып табылды.  

Әлеуметтік, еңбек сауықтыруының мәселелері шешімін таппады. 2004 жылы ПДПМО ММ базасында емдеу-өндірістік шеберханасының жобасы әзірленді, алайда аталған жоба қаржыландырудың болмауына байланысты іске асырылмады.

Қаржыландыру жақсарды, дегенмен психиатриялық қызметтің амбулаториялық бөлімшесінің тегін негізінде дәрілік қамтамасыз етілуі қанағаттандырылмаған күйде қалды, бұл пациенттерді қажетті қолдау терапиясымен жеткілікті көлемде қамтуға мүмкіндік бермеді. 

Стационардың төсек қуаты 365 төсекті құрады.

Астана қаласы тұрғындарының психиатриялық төсекпен қамтылуы кеміп, 2001 жылы -7,4, 2002 жылы – 7,3, 2003 жылы -7,1 құрады, ол елорда тұрғындарының өсімімен түсіндіріледі.  

Талдау жасалып отырған кезеңдегі стационар жұмысының негізгі көрсеткіштері өзгерісі оң болды: 

  • емделген науқастар саны төмендеді 
  • төсекте науқастың жатуының орташа ұзақтығының кему үрдісі байқалды  
  • өлім-жітім кеміді 

2004 – 2008 жылдары психикалық денсаулық қызметінің дамуы  

Астана қаласы әкімінің 2004 жылғы 2 сәуірдегі № 3-1-928 қаулысының негізінде 2004  жылы Астана қаласының «Психиатриялық аурухана» ММ Астана қаласының «Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы» ММ болып атауы ауыстырылды.     

 

2005 жылы орталықтың бас дәрігері болып білікті денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, жоғары санатты психиатр-дәрігер, бұрын Қостанайдың психиатриялық ауруханасын басқарған Бөпежанов Серік Елемесұлы тағайындалды. 

 

 

 

 

 

2005-2007 жылдары Астана қаласы психиатриялық қызметінің дамуында едәуір ілгерілеушілік байқалады:  

1. Орталықта көрсетілетін медициналық қызметтер шоғыры кеңіді:  

  • 2006 жылы төсектердің қайта саралануы жүзеге асырылды (60 төсектік психосоматикалық бұзылушылықтары бар тұлғаларға арналған психоневрологиялық бөлімше, 40 төсектік алғашқы эпизодты ерлер бөлімшесі ашылды); 
  • 2006 жылы зорлыққа ұшыраған әйелдер, балалар мен жасөсіпірімдер үшін дағдарыс бөлімшесі ашылды; 
  • шұғыл психологиялық көмек көрсетуге арналған тәуліктік сенім телефоны ашылды.  

2. Келесі мақсаттарға қаржыландыру жақсарды:  

  • стационарда емделген пациенттердің 80% заманауи психотропты препараттар алды
  • тегін жеңілдік тізімі бойынша дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге қаржыландыру артты, бұл амбулаториялық деңгейде заманауи дәрілік құралдарды кең түрде қолдануға мүмкіндік береді: 2008 жылы пациенттердің 24% тегін қор бойынша қазіргі заманғы қымбат препараттарды алуға мүмкіндігі болды (1998 жылы мұндай мүмкіндік болмаған еді)
  • жаңа медициналық жабдық сатып алынды  (эхоэнцефалографиялық құрылғы, стоматологиялық құрылғы, бинокулярлы микроскоп, электрокардиограф)
  • жұмсақ мүкәммал, жиһаз жаңартылды
  • автопарк жаңартылды: екі жеңіл автокөлік сатып алынды, 1 УАЗ, 1 ГАЗель, 1 жедел медициналық жәрдем автомобилі
  • әкімшілік, амбулаториялық-емханалық, 200 төсектік емдеу ғимаратының ½, физиобөлімше, ретнтген кабинетіне, асбөлігіне, кір жуу, гаражға,  психофтизиатрия бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізілді. отделения. 

3. Әлеуметтік қызметкерлер жұмысы құрылды.  

4. АМЖК-ға психиатриялық көмекті шоғырландыру бойынша жұмыс басталды. 

Медициналық орталық түрлі үкіметтік емес ұйымдармен белсенді ынтамақтастық жүргізіп жатыр: ақыл-есі кеміс және ДЦП балаларды оңалту жөніндегі «Надежда» ҮЕҰ, «Қадір қасиет» үкіметтік емес қоғамдық ұйыммен бірлесе жұмыс жүргізіп жатыр. Жеңіл ақыл-ес кемістігі бар балалар «Жаснұр» ҮЕҰ жұмысқа тартылуда. «Нұр» ҮЕҰ ынтымақтастық шизофрениямен ауыратын науқастардың ата-аналарына құқықтық және медициналық мәселелер бойынша кеңестік жұмыс көрсетуге мүмкіндік береді: пациенттер туысқандарының қатысуымен дөңгелек үстелдер, науқастар ата-аналарының «өзара қолдау» тобы ұйымдастырылды.     

Психоәлеуметтік және учаскелік дәрігерлермен пациенттер ата-аналарының ынтымақтастығы психикалық бұзылушылықтары бар пациенттердің төңірегінде психоәлеуметтік сипаттағы проблемаларды ашуға және оларды жеңе білуге көмектеседі.


2007 ж.

 

2007 жылы наурызда орталық директоры болып медицина ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Нұрқатов Ербол Маратұлы тағайындалды. 2000 жылы психиатрия бойынша Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында психиатрия, психотерапия және наркология кафедрасында аспирантураны бітіріп, 2003 жылы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.  

Соңғы алты жылда психиатриялық қызметті дамыту мен жетілдірудің мақсаты Дәлелдеу психиатриясының принциптеріне негізделген психиатриялық көмектің әлеуметтік-бағыттталған үлгісін енгізу болып табылады.   

Психиатриялық қызметтің алдына келесі міндеттер қойылды:  

  1. Психиатриялық көмекті көрсетудің стационарды алмастырушы технологияларын дамыту 
  2. Психиатриялық қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде психоәлеуметтік емдеу мен оңалту технологияларын қолдану. 
  3. Психиатриялық көмекті АМЖК жақындату  
  4. Психикалық денсаулық саласында әрекет ететін қоғамдық ұйымдармен серіктестік қатынастарды құру мен жақсартуды қолдау 
  5. Психикалық денсаулық проблемалары туралы тұрғындардың хабардар болуын жақсарту және дестигматизация бойынша жұмыс 
  6. Психиатриялық қызмет көрсетудің заманауи технологиясын меңгерген кадрларды дайындау 

 

Аталған мақсаттарға жету үшін орталық қызметтің келесі түрлерін жүзеге асырады:  

  • емдеу-диагностикалық жұмысы 
  • белгіленген ережелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының негізінде сараптау қызметтерін орындау: стационарлық және амбулаториялық сот-психиатриялық сараптамасын, әскери-дәрігерлік, дәрігерлік-еңбек және басқа сараптама түрлерін жүргізу; 
  • психикалық бұзылушылықтары бар науқастарға сот шешімі бойынша мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыру;
  • тәжірибеге мінез-құлық және психикалық бұзылушылықтар диагностикасы мен емдеудің заманауи құралдарын, әдістерін ұйымдастырудың негізгі түрлерін, сондай-ақ ғылымның, техниканың, алдыңғы қатарлы тәжірибенің қазіргі заманғы жетістіктеріне негізделетін науқастарды әлеуметтік-еңбепен оңалтуды игеру және енгізу;
  • құрылымдық бөлімшелер жүргізетін емдеу-алдын алу және ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты үйлестіру;
  • төтенше жағдайларда мамандандырылған көмек көрсету;
  • «Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау» ММ туысқандарымен әлеуметтік байланысты жоғалтқан, мемлекеттік мекеме жатақханаларында тұратын, өз тұрғын үйі жоқ пациенттердің құжаттарын қалпына келтіру бойынша бірлесе жұмыс жүргізу; 
  • қамқоршылық, мекемедегі науқастардың еңбек қабілетін уақытша және тұрақты жоғалтқандар мәселесін шешу, психикалық бұзылушылықтары бар науқастарға арналған интернат үйіне жіберу;  
  • «Астана қаласы Білім беру департаменті» ММ жалпы білім беру мен қоысмша мектеп бағдарламасы бойынша психикалық бұзылушылықтары бар балалар мен жасөсіпірмдерді оқытуды ұйымдастыру мәселесі бойынша бірлесе жұмыс істеу; Мектепке дейінгі балалар психологтары, тәрбиешілерімен, мектеп мұғалімдері және психологтарымен бірге психикалық бұзылушылықтарды анықтау мен алдын алу бойынша ынтымақтастық;
  • психикалық, мінез-құлық бұзылушылықтары бар тұлғалардағы қоғамдық қауіпті әрекеттердің алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарымен және сот-психиатриялық сараптама комиссиясымен өзара әрекеттестікті жүзеге асыру. 

50 орындық күндізгі стационар жұмыс істейді, бұл пациенттердің төсекте болу уақытын қысқартып, әлеуметтік ортада пациенттердің бейімделуін жылдамдаты.  

Пациенттерді психоәлеуметтік оңалту мәселесіне ерекше назар бөлініп жатыр. Психоәлеуметтік қызмет аясы кеңейтілді, «Өмір сүру өнері» атты психоәлеуметтік оңалту бағдарламасы, әлеуметтік қызметкерлер жүргізетін коммуникативтік тренингтер әзірленіп енгізілді. Доцент Т.С.Букашовтың басқаруымен пациенттер үшін психологиялық білім беру мектебі құрылды.  2010 жылдан бастап Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас психиатрының жанында Қоғамдық кеңес жұмыс істейді. 2008 жылы орталық елорданың 10 жылдық мерейтойына арналған «Мегаполистің психәлеуметтік саулығы» халықаралық конференцияны өткізді. 

 «Мегаполистің психәлеуметтік саулығы» халықаралық конференцияның қатысушылары 2008 жыл мамыр 

2010 жылы орталық Қазақстандық Адам құқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюро филиалы өткізген пациенттерді күту жағдайлары мен құқықтарының сақталуы бойынша республикалық мониторингке қатысты. Қалалық суицидологиялық қызметті дамыту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр: 2008 жылы ересектер үшін шұғыл психологиялық көмек көрсету кабинеті ашылып жұмыс істеп жатыр, 2013 жылғы 1 шілдеде балалар үшін шұғыл психологиялық көмек көрсету кабинеті ашылды, кабинеттер орталықтан тыс шығырылып, қалалық емханаларда орналастырылды.  

Суицидтің алдын алу мәселелерінде медицина мекемелері мамандарының ведомстоаралық өзара әрекеттестігін жақсарту мақсатында  өзге медицина ұйымдарының, Білім беру басқармасы, Ішкі істер департаменті, Бала құқықтарын қорғау жөніндегі департаменті (дәрістер, дөңгелек үстелдер, семинарлар) мамандарымен суицидтің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-білім беру жұмысы, бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.     

2010 жылы 14 қазанда Астана қаласы «Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы» ММ Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен (№18-959П) «Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің «Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды. 

Жол картасы шеңберінде 2010 жылы орталықта стационар бөлімшелеріне күрделі жөндеу жүргізілді, жұмсақ және қатты мүкәммал жаңартылды, футбол, волейбол ойындарына арналған спорттық алаңдар ашылды. 2012 жылдан бастап психикалық және мінез-құлық бұзылушылықтары бар тұлғаларға емдеу-өндірістік шеберхана құрылысы іске қосылды. 

«Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы» МКҚК Астана қаласы медицина мекемелерінің психологтары мен әлеуметтік қызметкерлері жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады. Орталықтың бастамасы бойынша Астана қаласының Әлеуметтік-психологиялық денсаулық сақтау кеңесі құрылды. 

Орталық «Астана медицина университеті» АҚ базасы болып табылады. 

2011 жылғы желтоқсаннан бастап ҚР ДСМ «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология орталығы» РМКК филиалы орталық базасын жалға алуда.

Бүгінгі күні орталық қабырғасында 148 жоғары және орта білімі бар мамандар жұмыс істейді, оның ішінде: 53 –  дәрігерлер, 2 медицина ғылымдарының кандидаты; 95 – мейірбикелер, «Жоғары білімді мейірбике» мамандығы бойынша жоғары білімді 3 мейірбике бар. 10 дәрігер «Денсаулық сақтау үздігі» белгісімен, 2 маман «Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды. 

 

             
Сармаев Е.Т.    Полиенко Е.Н.    Айтжанова А.Т.    Тастембекова А.Ж.    Смагамбетова З.Т.

Орталық қызметкерлері азаматтарымыздың психикалық денсаулығын қалпына келтіруге бар күштерін, білімі мен кәсіби тәжірибелерін сала отырып, үлкен де жауапты жұмысты атқарып жатыр. Орталық бөлімшелері қызметін үйлестіруді медициналық бөлім бойынша стационарлық көмек жөніндегі директор орынбасары, жоғары санатты психиатр-дәрігер Сармаев Ерзат Толеукапасович, медициналық бөлім бойынша ауруханадан тыс көмек жөніндегі директор орынбасары, бірінші санатты психиатр-дәрігер Тастембекова Анар Жумабековна жүзеге асырады. Ішкі аудит қызметін көрсетілетін медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі директор орынбасары психиатр-дәрігер Смагамбетова Зауре Толеукадыровна басқарады.

Астана қаласы «Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы» МКҚК ұжымы 2013 жыл суретте: директор Е.М.Нұркатов (сурет ортасында), әкімшілік, бөлімше меңгерушілері, медицина қызметкерлері