Комментарии   

#1 Нуржан Жантаев 16.02.2018 12:30
Цитирую Нуржан Жантаев:
Сіздерден 083 анықтамасы бойынша келген азамат және азаматшаларға дұрыс ақпарат берулерінізді сұраймын. Себебі ресепшнда отырған қызметткер немесе кассада отырған қызметкер халықтан төлем ақыны алар алдында ескерту керек, яғни Астана қаласының сол жағалауындағы наркодиспансерлік орталықта бұл қызмет түрін бір төлемақымен алуға болатындығы.Себебі сіздердін кассаларынызға психиатр деген жерге печать қойдыру үшін 1900т төлеу қажет, одан келіп наркодиспансерлік орталыққа тағы 3700(бұл жерде бір төлеммен екі қызмет түрін алуға болады) төлеу қажет. Сіздерде 4 кабинет қабылдау есігінде наркодиспасер жұмыс уақыты , мекен жайы жазылған алайда сол жерге осындай ақпаратты іліп қойғандарынызға рахмет. Бірақ бұл ескертулер РЕСЕПШНда немесе кассада алдын ала ілініп тұруы қажет. Яғни төлемді індемей ала бермей түсіндіру керек яғни КӨЛІК жүргізу үшін 083 анықтамасы бойынша Астана қаласының сол жағалау жағындағы(Экспо қарама-қарсы) орталық бойынша өтуге болатындығы туралы ақпарат. Неге қарапайым халық сіздердін қандайда ішінара екі орталықтың бірігіп бір келісімге келсе алмауларыныз үшін зардап шегіп артық төлем жасау керек. Егер жақын арада осы ақпараттар сіздін орталықта жасалмаса онда Астана қаласының Денсаулық сақтау бөліміне хат жолдауға тура келеді. Сіздерден хатқа ғана жауап беріп қана қоймай іс шараларды жүзеге асыруға сәттілік тілеймін. Жауап күтемін

Қайырлы күн Нуржан! Пікір қалдырғаныңызға алғыс білдіреміз! «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының заңын орындау мақсатымен және «Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 166 бұйрығына сәйкес, Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы» МКК елорда тұрғындарына қызмет көрсетеді. Қағиданың 19, 23 тармақтарына сәйкес, психиатр дәрігердің медициналық тексеруі міндетті түрде психологиялық тест жүргізу және психолог маманының қатысумен өткізіледі. Ақы төлеу психиатриялық ұйымдарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2299 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарындағы ақылы қызмет көрсету шарттары мен ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ "Наркология және психотерапия орталығы" МКК және ШЖҚ «Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы» МКК екі бөлек медициналық мекеме, және психиатр дәрігерінің куәләндіруі ресми түрде психиатриялық ұйымдарда, яғни Астана қаласында тек қана ШЖҚ «Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы» МКК жүзеге асыралады.
Жауап

Сұрақ қою

Сиқырлы саны
Қайтадан қарау