ISO 9001:2015 сертификатын ресми түрде табыстау шарасы өткізілді

2018 жылдың 13 маусымында сағат 12.00-де Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы» МКК-да  «Русский Регистр Евразия» ЖШС қызметкерлерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен ISO 9001:2015 сертификатын ресми түрде  табыстау шарасы өткізілді. Бұл шара Медициналық қызметкерлер күніне орайластырылған. 2018 жылдың 4 маусымында Русский Регистр өкілеттігімен «Русский Регистр Евразия» ЖШС Сапа Менеджменті Жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін тексеру үшін Сертификациялық тексеру жүргізді. Тексеру  - біз көрсететін қызметтер сапасы барлық Халықаралық стандарттарға  сәйкес екенін көрсетті.  Медициналық орталық жаңа мәртебеге ие болды және жаңа, биік деңгейге шықты.  Қазақстанда Русский Регистрдің бәсекелестік артықшылықтары өте күшті. Бұл, ең алдымен  максималды түрдегі халықаралық,  ұлттық  және салалық  мойындау, Русский Регистрдің  IQNet  және IAF халықаралық аккредитацияға мүшелігі, сонымен қатар шетелдік API және IRIS ұйымдарымен серіктестігі.