«Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Н.А.Негай «Астана Медицина Университеті»АҚ психиатрия және наркология кафедрасының қызметкерлерімен, кафедра резиденттерімен кездесу өтті

«Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы» ШЖҚ МКК орталығында «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Н.А.Негай «Астана Медицина Университеті»АҚ психиатрия және наркология кафедрасының қызметкерлерімен, кафедра резиденттерімен және Орталықтың психиатр-дәрігерлерімен кездесті. Кездесу барысында білім саласындағы өзгерістер мен «Психиатрия» мамандығы бойынша резиденттерге гранттар бөлінгендігі туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, психикалық денсаулықты қорғау саласының қазіргі жағдайы мен болашақтағы перспективалары туралы өз ойымен бөлісті.

«Суицид тақырыбын БАҚ-да дұрыс баяндау» тақырыбындағы семинар

Дүниежүзілік суицидке қарсы күнге орай, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС «Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы» ШЖҚ МКК суицидолог мамандары Миронова Е.К. және Смецкой М.А.-пен бірлесе отырып 2019 «Суицид тақырыбын БАҚ-да дұрыс баяндау» тақырыбындағы семинар өткізді. Семинар барысында заманауи өмірдегі суицид проблемалары, Вертер синдромы феномені және еліктеу принципі туралы сөз қозғалды.

Президенттің жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Токаев өзінің халыққа Жолдауында мемлекеттік органдар мен Халықтың бірлесе отырып қол жеткізе алатын, барлық саланы қамтитын мақсаттар мен міндеттерді нақты көрсетті. Президент медициналық қызметтің сапасын жақсарту мен қолжетімділігіне ерекше назар аударды.  Біз Президенттің бастамасын толығымен қолдаймыз. Қолжетімді, сапалы, пациентке бағытталған медицина заманауи мемлекет үшін маңызды болып табылады. Сонымен қатар, «Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы» ШЖҚ МКК психикалық денсаулықты сақтау саласын дамытуға бар күшін жұмсайды.

 

Аға мейірбикелер ПДМО пациенттеріне «Психоағарту» тренингі бойынша цикл жүргізеді

19 маусымнан бастап, әр дүйсенбі, сәрсенбі және жұма аға мейірбикелер ПДМО пациенттеріне «Психоағарту» тренингі бойынша цикл жүргізеді. 

Психоағарту—емдеу және оңалту бойынша білімді жетілдіру. Сабақтар әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыру бағыты бойынша  тақырыптық семинар түрінде өтеді. Сонымен қатар, пациенттерге аурудың ағымы, дәрілік терапия және тағы да басқа нақты сұрақтар бойынша мәліметтер беріледі.

Smart Astana

Енді елордамыздың медициналық мекемелерінің  қонақтары мен науқастары дәрігердің жұмыс сапасын QR-код арқылы бағалай алатын болады. Бұндай сервис «Астана-адалдық алаңы» жобасы аясында «Смарт-Астана» мобильді бағдарламасы бойынша іске асады.

Осы жоба  бойынша «Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы» ШЖҚ МКК-де QR-коды бар тақталар орнатылды.  Олар бізге жұмыс сапасын бағалауға және  жақсартуға көмек береді.

Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге көмек

Жыл сайын ШЖК «Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы» МКК Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсету аясында белседі жұмыс атқарады.

2019 жылдың 4-6 мамыр аралығында Орталық 21 Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне азық-түлік кәрзеңкесін таратып, қайырымдылық акциясын жүзеге асырды. Сонымен қатар, 2 ардагер орталықта тегін медициналық тексеруден өтті, оны ішіне дәрігер терапевт, невропатолог, көз дәрігері, ЭКГ, қан талдауы және УДЗ зерттеулері кіреді.

Ардагерлерімізге аспанымыздағы  бейбіт өмір үшін шексіз алғыс айтамыз. Олардың саны жыл сайын азаюда, сол себептен оларға қамқор болу біздің күнделікті міндетеміз.